Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та төрт мыңнан астам адамға медициналық көмек көрсеткен жалған медбике ұсталды

Отем БардисаФото: коллаж/ BBC

Флорида штатының Палм-Кост қаласының тұрғыны өзін дипломы бар медбике ретінде көрсетіп, ауруханада жалған құжаттармен ауруханада жұмыс істеген. Қызметте жоғарылату үшін лицензиясын тексергенде оның алаяқ екені анықталып, 5 тамызда қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Округ шерифі Флаглер Рик Стейли мұны әріптестерімен бірге тергеген медициналық алаяқтық істерінің ішіндегі ең алаңдатарлығы деп бағалады.

"Бұл әйел өзін медбике ретінде көрсету арқылы және пациенттердің, олардың отбасының, бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің сеніміне нұқсан келтіру арқылы мыңдаған адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін еді", – деді ол.

Тәртіп сақшыларының мәлімдеуінше, 29 жастағы Отем Бардиса AdventHealth Palm Coast Parkway ауруханасында 2023 жылдың шілде айынан бері жұмыс істей бастаған. Оны медбике квалификациясы бар санитар әйел қызметіне алған. Жұмысқа қабылданар кезде ол education first санатындағы медбике екенін, яғни оқуын аяқтағанымен, ұлттық лицензиялау емтиханын әлі тапсырмағанын айтқан. Кейін ол емтиханнан өткенін айтып, Отем есімді басқа медбикенің лизцензиясына сәйкес келетін лицензия нөмірін тапсырған. Лицензиядағы сәйкессіздікті жақында тұрмысқа шығып, тегін ауыстырғанымен түсіндірген. Неке туралы куәлігін де тапсырмай, созбалаңға салып жүрген.

2025 жылдың қаңтарында басшылық оның қызметін жоғарылатпақ болған. Қызметкерлердің бірі оның лицензиясын тексергенде, Бардисада тек медбике көмекшісі деген мерзімі өтіп кеткен лизенция бар екенін анықтаған. Мұны ол басшылыққа хабарлаған. Көп ұзамай ішкі тергеу басталып, оның ешқашан жеке куәлігін өткізбегенін білген. Емхана оны 22 қаңтарда жұмыстан босатып, заңсыздықты полицияға хабарлаған.

Аида Тақабаева
Жұма, 08 Тамыз, 2025 10:20
Талқылау
`