АҚШ-та тілі ересек адамдікіндей сәби туды (фото)
Жаңа туған сәби Беквит Ведеман синдромына шалдыққандықтан, дәрігерлер оның тілін кесуге мәжбүр болды. Дәл қазір Пейсли Моррисон Джонсон еркін тыныстап, бөтелкемен сүт іше алады. Осыған дейін ол өзінің тіліне тұншыға беретін еді.
Бұл туралы dailymail.co.uk басылымы хабарлайды.
Пейсли Мориссон Джонсон Беквит Ведеман синдромына шалдыққан. Бұл – әлемде 14 000 адамның біреуінде кездесетін ерекше ауру түрі. Яғни, сәбидің тілінің көлемі аузынан бірнеше есе үлкен болады. Дәрігерлер Пейсли дүниеге келген кезде оның тілінің тамақ ішіп, еркін тыныстауына кедергі жасайтынын байқаған. Артынша сәбидің ата-анасынан рұқсат алып, тілінің ортаңғы бөлігін кескен.
Сәбиге жасалған алғашқы ота сәтсіз болады. Мамандар сәбидің тілінің тағы да өсіп жатқанын байқайды. Көптеген зерттеу жүргізіп, тағы да бір ота жасау туралы шешім қабылдайды. Дәл қазір Пейслидің жағдайы жақсы. Ол еркін күліп, еркін тыныстай алады.
Пейслидің 21 жастағы анасы Мэдисон Киноу мен 23 жастағы әкесі Шеннон Мориссон Джонсон бастапқыда балаларының өмірі үшін қатты алаңдаған. Десе де, қандай жағдай болмасын сәбилерінен бас тартпайтындықтарын айтқан. Декотаның оңтүстігіндегі Абердин қаласында дүниеге келген сәбидің 6 дюйм (15,24 см) бұлшық еті мен 2 дюйм (5,08 см) тілі кесілген. Қазір Пейсли өзінің алғашқы сөздерін айта алады.
“Оның тілі аузына әрең сыйып тұр. Сәбидің аузында үлкен адамның тілі орналасқан десек те болады. Тілдің үлкендігі соншалық, сәби өз тілін шайнауға мәжбүр”, – дейді дәрігер. Пейсли алғашқы үш күн бойы жасанды желдеткіштің көмегімен тыныс алған. Артынша оған мұрны арқылы оттегі берілген. Мамандар тамақты қарны арқылы беруге мәжбүр болған. Алғашқы ота тек алты айлығында жасалған.
“Ол туған кезде дәрігерлер қатты таң қалды. Бізге синдром туралы толық ақпарат ұсынды. Артынша отаны ертерек жасатуға кеңес берді. Тіліне ота жасалған соң ғана ол жымия бастады. Қазір балапанымның сұлулығына тамсана қараймын. Еш жері ауырмайды. Өзге сәбилерден де еш айырмашылығы жоқ. Көбірек жымиып, әрдайым бірнәрсе айтуға талпынып тұрады. Осы уақытқа дейін “ана, “әке” сынды қарапайым сөздердің өзін айтуға қиналатын еді”, – дейді әкесі.
Аталған синдромның тілдің үлкендігінен өзге де белгілері бар. Мысалы, сәбидің құлағының артқы бөлігінде қатпарлар пайда болып, денесінің бір бөлігі өздігінен үлкейе бастайды. Синдромға шалдыққандардың 7-25%-ында тіл рагы болуы мүмкін. Ал дәрігерлер Пейслиге енді ота қажет болмайды деген үмітте. Десе де, сәби әр үш ай сайын түрлі анализ тапсырып отырады.
“Тілдің үздіксіз өсуі – жақсы дүние емес. Оны бірден кестіріп тастаған жөн. Мысалы, арты трахтеомия сынды ауруға алып баруы мүмкін”, – дейді Big BWS қолдау көрсету тобының менеджері Триша Сурлис.
Жіберіп алмаңыз:
Пәктігінен айырылған қазақ қызы амалсыздан көңілдес болып жүр
6 жасар қызының порно көруін тоқтата алмаған ана жұрттан көмек сұрады
Сәбилерді фототүсірілімге қалай қатыстыратынын білесіз бе? (видео)