АҚШ-та тәулігіне вирус жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті
АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны жұма күні тәулігіне 45 242 адамға жетіп, жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, COVID-19 жұқтырған американдықтардың жалпы саны кем дегенде 2,48 миллион адамға жеткен.
"Коронавирус жұқтырғандардың жаңа рекорды инфекциялық ошақ саналатын бірнеше штаттың бизнеске арналған шектеулерді алуынан туындады", - деп мәлімдеді агенттік өкілдері.
Статистикалық зерттеу жүргізген Джонс Хопкинс университетінің деректері бойынша, елдегі COVID-19-дан қайтыс болған пациенттердің саны 125 мыңнан асты. АҚШ-та барлығы 2,46 миллион науқас тіркелді, 670 мыңнан астам адам сауығып кетті.
Талқылау
Пікір