Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та танымал әншінің көлігінен 15 жастағы қыздың мәйіті табылды

әншіФото: baku.ws

20 жастағы америкалық әнші d4vd (шын аты — Дэвид Энтони Бёрк) ауыр қылмыстық іске байланысты қоғам назарына ілікті. Оның Tesla көлігінен бір жыл бұрын жоғалған 13 жастағы қыздың — Селеста Ривастың бөлшектелген мәйіті табылды.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

D4vd гастрольде жүрген кезде оның Tesla көлігі Лос-Анджелестегі Голливуд-Хиллз ауданынан бос күйінде табылып, айыппұл тұрағына жіберілген. Біраз уақыттан кейін көліктен қатты иіс шыға бастаған соң, полиция оны тексеріп, багажниктен бірнеше пакетке оралған адамның бөлшектелген денесін тапқан.

Қыздың жеке басы татуировка арқылы (саусағындағы "Shhh…" жазуы) анықталды. Дәл сондай тату D4vd-те де бар. Қыздың анасы іздеу кезінде полицияға қызының "Дэвид" есімді жігіті болғанын айтқан.

D4vd-тің "Romantic Homicide" атты хит әнінде мынадай жолдар бар: "Сені санамда өлтірдім және бұл үшін өкінбеймін… Мен сені жек көрем". Бұл әннің премьерасы Селестаның туған күніне тұспа-тұс келген.

2023 жылы интернетте тараған "Celeste" атты жарияланбаған әнде де қызға қарсы жағымсыз сөздер айтылған.

D4vd ресми түрде айыпталмады, бірақ тергеуге көмектесіп жатыр. Ол барлық гастрольдік сапарларын тоқтатқан, әзірге оқиғаға қатысты пікір білдірмеді.

Crocs пен Hollister сынды брендтер онымен келісімшартын үзді.

D4vd TikTok-та көп қаралым жинаған хиттерімен танымал болды. "Here With Me" және "Romantic Homicide" тректері арқылы Billboard чарттарына кірді. Valentino сән көрсетілімдеріне қатысып, сән әлемінде де танылған.

Айнұр Мұхади
Жұма, 19 Қыркүйек, 2025 18:16
Талқылау