Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та педофилдердің төлқұжатына арнайы белгі қойыла бастады

Шара 2016 жылы қабылданған «Меган заңына» сәйкес қолға алынды.

Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаменті хабарлайды.

30 қазаннан бастап кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыс жасаған америкалықтардың төлқұжатына арнайы белгі қойыла бастады. “Паспорттың артқы мұқабасындағы бұл арнайы белгі «аталған азамат кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншекке қатысты жыныстық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылғанын» көрсетеді», — деп түсіндірді мемлекеттік департамент.

Мемлекеттік департаментке педофилдер туралы ақпарат АҚШ ішкі қауіпсіздік департаментінен беріледі. Сотталғандардың бұрынғы төлқұжаты жойылып, арнайы белгімен жаңасы шығарылады. Бұл шара 2016 жылы қабылданған «Меган заңына» сәйкес қолға алынды. Заң 1994 жылы көршісі зорлап, өлтірген 7 жасар қыздың құрметіне аталды. Қылмыскер бұған дейін де жыныстық қылмыс үшін сотталған.

Айта кетсек, Қазақстанда бір жыл бұрын «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет-порталы жұмыс істей бастады. Оның көмегімен уақытты көрсетіп, жасалған қылмыстардың геолокациясын бақылауға болады.


Жіберіп алмаңыз:

iPhone Х телефоны үшін үш күн кезекте тұрған адамды жедел жәрдем алып кетті

Отандастары Лениннің мәйітін АҚШ-қа сатуды ұсынды

Дональд Трамптың Twitter-дегі аккаунты істемей қалды

Әйелдер де адам: БАӘ-де алғаш рет нәзік жандыларға арналған фитнес-клуб ашылды

Талқылау