Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та науқас бала Санта-Клаустың қолында қайтыс болды

АҚШ-та ауыр науқасқа шалдыққан бала Санта-Клаустың қолында қайтыс болды.

sant_vs

Бұл туралы NBC хабарлайды.

60 жастағы Эрик Шмитт-Матцен Рождество мерекесі қарсаңында жергілікті супермаркеттердің бірінде Сантаның кейпінде жүреді. Қатты науқас бала туралы дәрігерлердің бірі оған телефон арқылы айтыпты. Оның айтуынша, кішкентай бала Сантаны қатты көргісі келген әрі Рождество мерекесін өткізіп алудан қорқыпты.

Бірнеше минуттан соң ер адам бірден ауруханаға жетіп, баланың туыстарынан екеуін оңаша қалдыруды сұрайды. Балақай оған аздан соң өлетінін, солай мейрамды тойлай алмай қалатынын айтады. Сол кезде ол балаға сыйлық беріп, сен қайда кетсең де №1 Санта боласың дейді.

Осыдан кейін Санта баланы құшағына басады. Өкінішке қарай аздан соң балақай көз жұмған. Ер адам осыдан соң ешқашан Санта образын сомдағысы келмей қалыпты. Алайда ол балалардың күлкісі үшін бар күш-жігерін жинап қайтадан ақсақалды ата атанып кете барды.

Оқи отырыңыз:

Әйелін өртке қимаған зейнеткер онымен бірге өртенді

7 жастағы екі қыз базар ішінде өз-өздерін жарып жіберді

Германияға келген босқын Еврокомиссияда істейтін шенеуніктің қызын зорлап өлтіріп тастады

Киев тұрғыны үш бірдей туысын бөлшектеп өлтіріп, ет консервілерін жасаған

Талқылау