АҚШ-та мұғалімі дәретханаға жібермей қойған оқушыға миллион доллар төленді
АҚШ-та сабақ кезінде мұғалім оқушыны дәретханаға жібермей қойған. Осы үшін мектеп басшылығы оқушыға 1,25 миллион доллар төлеген.
Бұл туралы rt.com хабарлайды.
Оқиға Сан-Диегодағы Patrick Henry High School орта мектебінде болған. 14 жастағы қыз 25 минутқа созылған қосымша сабаққа келген екен.
Гонья Вольф есімді оқытушы қызды сыртқа шығармай, бұрышта тұрған шелекке дәрет сындыруға мәжбүрлеген. Сонымен қатар мұғалім әлгі шелекті бос тұрған қол жуғыштардың біріне апарып төгуді тапсырған.
Осыдан соң оқушы мұғалімнің үстінен шағымданып, моральдық өтемақы талап етеді. Тіпті ол осылайша қорлаудан кейін өз-өзіне қол жұмсамақ та болыпты.
Алайда мұғалім өз кінәсін мойындамай қойған. Әйелдің адвокаты болса, мұғалім сабақ кезінде оқушыны босатпай мектеп ережесін орындады ғана деп отыр. Ал мұғалім болса өзі де дәретке қатты қысылған кезде әлгі шелекті қолданатынын айтыпты. Істі қарау бақандай 5 жылға созылған.
Сот тағайындаған үкім бойынша жасы 19-ға толған қызға 1,25 миллион доллар өтемақы төлеуі тиіс. Сондай-ақ, 41 мың долларға жететін медициналық көмек қаражатын да көтеруі тиіс.
Оқи отырыңыз:
Қытайда кейуана ұрланған қыздарымен 28 жылдан соң кездесті (фото)
Таңғаларлық жағдай: Егіздердің дене түсі екі түрлі болып туды (фото)