АҚШ-та мұғалім өз оқушысымен жасаған сексті видеоға түсірген
25 жастағы мұғалім Екатерина Папас өзінің оқушысымен секспен айналысып, оны видеоға түсірген. Ұзамай видео бүкіл мектепке таралып кетіпті.
Мұғалім 16 жастағы оқушыға өзі жақындап, жыныстық қатынасқа түсу туралы ұсыныс жасаған. Кейін әрекеті әшкере болып қалған соң ол басқа мемлекетке қашып кетуге талпыныпты. Ол Колумбияға қарай билет алып қойғанына қарамастан, полицейлер оны тұтқындап үлгерді.
Жасөспірімнің ата-анасы оқиғаны естіген кезде аң-таң болған. Бірақ, ұлдарының әлі өтпелі кезеңде екенін ескеріп оған кешіріммен қарапты.
Балтимор соты мұғалімді үш жылға бас бостандығынан айырды. Жазасын өтегеннен кейін де ол 15 жыл бойы сексуалды зорлықшы деген аттан ажырай алмайды.
Оқи отырыңыз:
АҚШ президенті Путинмен өте қатал түрде сөйлескенін айтты
Бұрынғы судья көлікте жас баламен жыныстық қатынаспен айналысқан жерінен ұсталды
Бизнесмен жарнама үшін баласын әйелдер шұлығына салып әрі-бері сілкіледі (видео)