АҚШ-та көпір үстінде 158 көлік соқтығысып, жантүршігерлік жол апаты орын алды
АҚШ-тағы Луизиана штатында көпірде 158 көлік соқтығысып жантүршігерлік жол апаты орын алды. Әзірге 7 адам қаза тапқан оқиға қатты тұман салдарынан болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сурет желідегі кадрлардан скринделген
Деректерге сай, Жаңа Орлеан қаласының маңындағы апат көру мүмкіндігі небәрі үш метрден аспаған қатты тұманға байланысты болған.
Соққыдан бір көлік көпірден құлап кеткені хабарланды. Апатқа ауыр жүк көліктері де қатысқан. Олардың біреуі "қауіпті сұйықтықты" тасымалдаған.
"Цистернаны алып тастағаннан кейін, алғашқы көмек көрсетушілер жақын маңдағы көліктерді жақсырақ көре алады. Көз жұмғандар көп болуы мүмкін", - деді штат полициясы.
Қазіргі уақытта 7 адам қаза тауып, 25 адам әртүрлі жарақатпен ауруханаларға жеткізілді.
Ұлттық метеорологиялық қызмет түсіндіргендей, "супер тұман" - бұл ылғалды және түтінді жағдайларда пайда болатын және көруді 3 метрден аз төмендетуі мүмкін қалың тұман.
🚨#BREAKING: Hazardous Dense Fog mixed with Smoke has Cause a Catastrophic 25+ Vehicle Pileup with Multiple Injuries and Fatalities
— R A W S A L E R T S (@rawsalerts) October 23, 2023
📌#Manchac | #Louisiana
Currently, Numerous emergency personnel and other authorities are on the scene to a significant vehicle pileup occurring… pic.twitter.com/TaiVV1P9Fb
NEW ORLEANS (AP) — Officials say at least 7 killed in massive vehicle crashes in Louisiana due to 'Superfog.'pic.twitter.com/W3n6hdiYM0
— philip lewis (@Phil_Lewis_) October 24, 2023