Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та контрабандамен айналысқан Қазақстан азаматы ұсталды

АҚШ-та ұсталған күдікті Эльдар Резванов Қазақстанның азаматы болуы мүмкін. Оған контрабандамен айналысты деген күдік тағылды.

Күдікті қару сақтау, қорқытып ақша алу, банктік алаяқтық істермен айналысқан.

«Біз АҚШ-та ұсталған күдіктінің Қазақстан азаматы болуы мүмкін деген ақпарат алдық. Онымен бірге серіктесі Қырғызстан азаматы ұсталған. Қазақстан азаматы болуы мүмкін деген күдікті АҚШ-та ұзақ уақыт болған», – деді СІМ баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.

Америкалық ведомстваның мәліметінше, күдіктілер Вирджиния штатында 100 қаруды жалған құжатпен Шешенстанға өткізбек болған.

Қазіргі уақытта дипломаттар бұл мәселені тексеріп жатыр. Қазақстан елшісі жақын уақытта  күдікті отырған абақтыға барады.

Бұған дейін Ресей БАҚ өкілдері ұсталған 28 жастағы қырғызстандық азаматтың бұрынғы Қырғызстан елшісі Замир Сыдықовтың ұлы екенін хабарлаған еді.

Тағы да оқыңыз:

Астанада өрт: Жанып жатқан пәтердегі балаларды төменгі қабаттан қағып алды (видео)

Қазақ журналисі анасының келін болып түскенде қалай қасқыр соғып алғанын айтты

Әкесі байқаусызда екі жасар ұлын өлтіріп қойды

Талқылау