Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Қытайдан жеткізілген жалған вакцинация сертификаттары тәркіленді

Аляска штатының Анкоридж қаласындағы АҚШ шекара және кеден қызметкерлері Қытайдан жіберілген 3000-нан астам жалған вакцинация сертификатын тәркіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап.

Агенттік жасаған мәлімдемесінде құжаттардың баспа сапасы нашар болып көрінгенін, бірақ олардың дизайны бойынша АҚШ-тың ауруларды бақылау мен алдын алу орталықтарының сертификаттарына қатты ұқсас болғанын айтты. Кеденшілер барлығы 150-ге тарта заңсыз жүк салынған сәлемдемелерді анықтады. Бұған дейінгі барлық жағдайларда сәлемдемені Қытайдан бір адам жіберіп отырған.

"Бұл жалған вакцинация сертификаттарынан бас тарту американдықтардың қауіпсіздігі үшін маңызды. Аляскадағы жерлестеріміздің амандығы туралы қамқорлық – бұл біздің ұйым мақтанышпен қабылдаған көптеген міндеттердің бірі”, – деді Анкоридж аймақтық порт директоры Лэнс Робинсон.

Атаулы қалада орналасқан жергілікті порт директорының көмекшісі Кимберли Фернандестің айтуынша, алды оралған жалған вакцинация сертификаттары АҚШ-тың Аляскадан басқа жерлеріне де жөнелтілген.

Айта кетейік, Анкоридждегі FedEx Corp халықаралық компаниялар орталығы орналасқан Тед Стивенс атындағы әуежай - әлемдегі жүк тасымалдау көлемі бойынша төртінші орынды алады.

Ақберен Амангелді
Жұма, 20 Тамыз, 2021 14:38
Талқылау