АҚШ-та Қазақстан тумасы өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Қазақстан тумасы 46 жастағы Руслан Асайынов АҚШ-та өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Руслан Асайнов Қазақстаннан көшіп кеткеннен кейін Нью-Йоркте тұрған. Асайынов 1998 жылы АҚШ азаматтығын алған. Белгілі болғандай, ол 2013 жылы Түркия арқылы Сирияға барып, ДАИШ-ке (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) снайпер ретінде қосылған.
АҚШ Әділет министрлігінің мәліметінше, аз уақыт ішінде Асайынов лагерьлерге жаңадан келген топ мүшелерін оқытуға жауапты "әмір" болып тағайындалған. Асайыновтың 100-ге жуық адамды оқытқаны айтылған.
2019 жылы Асайынов Сирия-Ирак шекарасына жақын Багуз қаласында болған атыстан кейін Сирияда тұтқынға алынды. Қазақстан тумасы АҚШ-қа жеткізіліп, Федералдық қауіпсіздік қызметіне тапсырылды.
"Үкім Асайыновты ДАИШ мүшесі кезінде жасаған қанды қырғынға кінәлі деп санайды. Сотталушы өз өмірін осы лаңкестік ұйымға арнап, Сириядағы ДАИШ үшін снайпер қызметін атқарды.
Асайынов мырза отбасын және елін тастап, лаңкестермен бірге соғысып, басқаларды лаңкестікке үйрету үшін кетті. Қазір ол жасаған қылмысы үшін жауапқа тартылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Руслан Маратұлы Асайынов темір тордың артына қамалған кезде әлем, сөзсіз, қауіпсіз жерге айналды", – делінген Нью-Йорк Шығыс округінің федералды сотының хабарламасында.