АҚШ-та қазақ жігіт өзіне шабуыл жасаған ұрыларды соққыға жығып, қаруын тартып алған (видео)
АҚШ-тың Майами қаласында қазақ жігіт өзіне шабуыл жасаған ұрыларға тойтарыс беріп, қаруларын тартып алған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Олжас Қаныбек есімді қазақстандық өзіне үш адамның шабуыл жасағанын айтады.
"Мына видеоны анама көрсетпеңдер. Бүгін мені жергілікті банда қарумен тонап кетпек болды. Бірақ менің реакциям оларды таңқалдырған секілді", – деп жазды ол желідегі парақшасында.
Видеодан Олжастың ұрыларды ұрып-соғып, тапаншасын тартып алғанын көруге болады. Оның сөзінше, полиция келгенше ұрылардың екеуі қашып кеткен. Біреуін тәртіп сақшыларына табыстапты. Ал қашып кеткендерді іздеуге тікұшақ та жұмылдырылған.
“Иә, мені қарумен ұрды. Ауруханаға бармаймын, бәрі жақсы. Бұрын бокспек шұғылданғанмын", – деп қосты жігіт.
Оқиға орнына келген полицейлер де таңданыстарын жасырмай, мұндайды алғаш рет көргендерін айтады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн