Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та грин-картаны қолдану мерзімі ұзартылды

2024 жылдың 10 қыркүйегінен бастап АҚШ Азаматтық және иммиграциялық қызметі (USCIS) картаны ауыстыру немесе ұзарту үшін I-90 нысанын тапсырған заңды тұрақты азаматтарға грин-картаны қолдану мерзімін үш жылға ұзартты. Бұл шешім жасыл карталарының мерзімі өтіп кеткен немесе мерзімі өтуге аз қалған тұрғындарға үрдісті жеңілдету үшін қабылданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Visaguide.world порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Фото:  Shutterstock

Елдің Азаматтық және иммиграциялық қызметі азамат I-90 формасын толтырғанда оның грин-картасының қолдану мерзімі аяқталған күннен бастап ескісінің қолдану мерзімі 36 айға ұзартылатыны туралы хабарлама жібереді. Бұл хабарламалар мен ескі карта жаңа грин-карта дайын болғанша азаматтың АҚШ-та тұрақты мәртебесі барының және жұмыс істеуге рұқсаты барының дәлелі болмақ.

Жаңа өзгертулер жасыл картаны жаңарту кезінде заңды тұрақты резидент мәртебесін растауды алғаннан кейін өтініштері ұзақ уақыт бойы өңделіп жатқан үміткерлерге көмектеседі.

“Егер сізде грин-картаңыз болмаса және жаңасын алуды күту барысында заңды тұрақты резиденттік мәртебеңіздің дәлелі қажет болса, USCIS байланыс орталығына хабарласу арқылы жергілікті USCIS кеңсесінде қабылдауда бола аласыз. I-90 пішінін тапсырғаннан кейін біз сізге шетелдіктердің құжаттамасы, сәйкестендіру және телекоммуникация мөрін бере аламыз”, – деп мәлімдеді жергілікті Азаматтық және иммиграциялық қызметі. 

Грин-карта шетелдіктерге Америка Құрама Штаттарына тұрақты көшіп, заңды түрде сонда қалуға мүмкіндік береді. Грин-картасы барлар сонда жұмыс істеп, отбасымен бірге тұра алады. Аталмыш картаның иелері АҚШ-қа кіріп-шыға алады. Бірақ оларға АҚШ-тан тыс басқа елде бір жылдан астам тұруына рұқсат етілмейді. Өйткені олардың грин-картасының күші жойылып, оған қайта өтініш беруге тура келеді.

Талқылау