АҚШ-та ер адам 11 жасар қызды көлігімен қағып, содан соң зорлап кеткен
Теннеси штатының полициясы өз автокөлігімен 11 жасар қызды әуелі қағып, содан соң зорлап кеткен 20 жастағы жігітті ұстады.
5 желтоқсан күні 11 жастағы оқушы қыз мектепке бара жатады. Оны жолда кенеттен көлік қағып кеткен. Көліктің тізгінінде 20 жастағы афроамерикалық Ларри Уорд есімді жігіт отырған.
Оқиғадан соң жігіт дәрігер немесе полицияны шақырмаған. Дереу қызды көлік салонына кіргізіп алып, оны зорлап, кейін қала сыртына тастап кеткен.
Қасынан өтіп бара жатқан ер адамның бірі жолдың бойында жылап отырған қызды көріп, дәрігер шақырған. Ол көптеген жарақаттармен ауруханаға жеткізіледі.
Күдікті де көп өтпей қолға түседі. Ол қылмыс орнынан бірнеше шақырым жерде болыпты. Егер жігіт 50 000 доллар төлеген жағдайда кепілақымен босап шыға алады.
Оқи отырыңыз:
Күйеуін өлтіріп алған келіншек сот залынан ақталып шықты
Өз ата-аналарын ұятқа қалдырған жұлдызды балалар (фото)
Күйеуі бар әйелмен төсектес болған жігіттің жыныс мүшесі “ғайып болып” кеткен
Қарағандылық қыз дүкенде азғындық жасап тұрған ер адамды көрді