Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та дау туғызған сайлау қайта есептеліп қорытындысы жарияланды

АҚШ-та дау туғызған сайлау қорытындысы қайта есептеліп, нәтижесі жарияланды. Бұл туралы КТК хабарлап отыр.

ThrumpHil-pic905-895x505-95871

Сөйтсе, аз дауыс алса да президент болды деп айыпталған Дональд Трампты керісінше, қолдаушылар қатары әлдеқайда көп болған екен.

Қайта есептеуді «Жасылдар» партиясының өкілі Джилл Стайн талап еткен болатын. Ал бюллетендер елдегі Висконсин және Пенсильвания штаттарында есептелді.

Сайлау комиссиясының қорытындысы бойынша, қос штатта да Трамптың Хиллари Клинтоннан басым түскені тағы да дәлелденген. Тіпті, Висконсиндегі жеңімпаздың жинаған дауысы бұрынғыдан 131-ге артық болып шықты. Негізі, сайлау нәтижесі Мичиган штатында да есептелмек болған. Бірақ кейін сот бұл өңірде дауысты қайта санауға рұқсат етпеді.

Оқи отырыңыз:

Әйелін өртке қимаған зейнеткер онымен бірге өртенді

7 жастағы екі қыз базар ішінде өз-өздерін жарып жіберді

Германияға келген босқын Еврокомиссияда істейтін шенеуніктің қызын зорлап өлтіріп тастады

Киев тұрғыны үш бірдей туысын бөлшектеп өлтіріп, ет консервілерін жасаған

Талқылау