AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та COVID-19-ды дем арқылы анықтайтын алғашқы тест мақұлданды

АҚШ-та дәрі-дәрмек пен азық-түлік сапасын санитарлық бақылау басқармасы (FDA) коронавирусты дем арқылы анықтайтын алғашқы тестті мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.

тест

Басқарма мәліметіне сүйенсек, InspectIR COVID-19 тестінің тиімділігі зерттеу нәтижесі арқылы дәлелденген. Зерттеуге коронавирус жұқтырған және жұқтырмаған 2,4 мың адам қатысқан. Нәтижесінде тест коронавирус жұқтырғандарды 91%-ға дәл анықтай алған. 

"Бүгінгі шешім COVID-19-ды анықтау саласындағы жылдам инновациялардың кезекті үлгісі бола алады", –  деді FDA радиология және медициналық құрылғылар орталығының директоры Джефф Шурен. 

InspectIR COVID-19 тестінде масс-спектрометрлік детектрі бар газды хроматография әдісі қолданылған. Бұл демдегі химиялық байланыстарды ажырату үшін қажет. 

Басқармада жаңа тестті дәрігер кабинетінде, ауруханада, мобильді тестілеу орталықтарында қолдануға болатынын айтты. Ал құрылғының көлемі жүк салатын чемоданмен бірдей. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр