АҚШ-та бес жасар бала мектепке таңғы астың орынына есірткі алып келген
АҚШ-тың Нью-Джерси штатында бес жасар бала мектепке героин алып келген. Ол есірткіні таңғы асқа арналған қорапшаға салыпты.
Фото: vz.ua
Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Мұғалім баланың әлденемен ойнап отырғанын байқап қалады. Ол зер салып қараған кезде баланың қолындағы заттың ұқыптап оралғанын байқайды. Ұстаз баланың қорапшасынан күдікті қалташаға салынған 29 затты тауып алған.
Сараптама барысында оның есірткі екені анықталады. Баланы тексеруден өткізген дәрігерлер героинның оның организмінде жоқ деген қорытындыға келген.
Қазіргі таңда әлі ешкім тұтқынға алынбады. Полиция героиннің баланың қолына қайдан түскенін анықтап жатыр.
Оқи отырыңыздар:
Қытай тұрғындарын қала ішінде басып кете жаздаған алып шар қатты қорқытты (видео)
Қызы бала кезіндегі суреттерін рұқсатынсыз желіге салғаны үшін ата-анасын сотқа берді
Талқылау