Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та белсенділер Газадағы соғысты тоқтатуды талап етіп Капитолий ғимаратына басып кірді

АҚШ-та белсенділер Газадағы соғысты тоқтату үшін Капитолий ғимаратына басып кірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі KP басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Kp.ru

"Еврейлер атысты қазір тоқтатуды сұрайды" және "Біздің атымыздан емес" деген жазуы бар қара футболка киген бес жүзден астам белсенді ХАМАС пен Израиль арасындағы атысты тоқтатуды талап етуде. 

Олар "Газадағы халыққа тыныш өмір сүруге мүмкіндік беріңіздер" және "Өлгендер үшін аза тұт, бірақ тірілер үшін күрес!" деген жазуларды ұстап, түрлі ұрандар мен әндерді шырқады.

Фото: Kp.ru

"Біз АҚШ үкіметінің тікелей қатысуымен жасалған Палестина халқының геноцидінің тоқтатылуын талап ету үшін келдік", – деді олар. 

Фото: Kp.ru

Наразылық шарасында полиция жүзден астам адамды қамауға алды.

Капитолийге жиналған шерушілерді Америкада палестиналық иммигранттардың отбасында туған және Израильге қарсы риторикасымен танымал АҚШ Өкілдер палатасының мүшесі Рашида Тлаиб қарсы алды.

Ол көзіне жас алып: "Көбісі мұны ұмытпайды!", - деп уәде берді.

Конгрессмен Брэндон Уильямс қолына Израиль туын ұстап Капитолийдегі наразылық білдірушілер алдында сөз сөйледі. 

Талқылау