Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та ауыр жарақат алған қазақстандық дзюдошы ем қабылдауды бастады

Фото: instagram.com/zhassulan.zhumagali

АҚШ-та ауыр жарақат алған қазақстандық дзюдошы ем қабылдауды бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұған дейін АҚШ-тың Калифорния штатында дзюдодан жарыстарға қатысып жүрген қазақстандық әуесқой спортшы Жасұлан Жұмағали Маямидегі чемпионат кезінде ауыр жарақат алғаны туралы жазған едік. Спортшының бесінші мойын омыртқасы мен алтыншы мойын омыртқасының аралығы ажырап, сынып кеткен. Жасұланның туыстары спортшының өмірін сақтап қалу және қымбат оңалту емін жүргізу үшін қазақстандықтардан көмек сұрады.

Күні кеше спортшының туыстары Жасұлынның оңалту орталығында ем қабылдауды бастағанын мәлімдеді. 

Фото: instagram.com/zhassulan.zhumagali

“Алланың қалауымен, көпшіліктің қолдауымен Жасұлан Лос Анджелеске өткен апта ауыстырылды. Қазір үйден 40 минуттық жердегі реабилитациялық орталықта ем алып жатыр. Күнделікті 3 сағаттық жаттығу өтеді. Жасұланның көңіл-күйі жақсы. Сіздердің дұғаларыңызбен ақырындап қолдарына күш келіп жатыр”, – делінген спортшының желідегі парақшасындағы жазбада. 

Еске салсақ, бұған дейін спортшының туыстары ем-дом мен оңалту шараларына 500 мың доллар (шамамен 267,7 миллион теңге) қажет екенін мәлімдеген еді.

Дана Русланқызы
Сенбі, 27 Қыркүйек, 2025 18:54
Талқылау