Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та әлемдегі ең үлкен пиццаны пісірді

АҚШ-тың Калифорния қаласында әлемдегі ең үлкен пицца дайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Тағам Гиннестің рекордтар кітабына енді. 1300 шаршы метрлік пицца алты тонна қамырдан, төрт тонна ірімшіктен және екі тонна тұздықтан жасалған. Оны пісіру үшін үстіне жылыту шамдарының үлкен қондырғысы орналастырылды.

Рекорд ресми түрде тіркелгеннен кейін тағам жергілікті азық-түлік банктеріне берілді.

Естеріңізге сала кетейік, алдыңғы рекорд италиялық "Октавия" пиццасына тиесілі. Ол 2012 жылы дайындалды, ауданы 1200 шаршы метр,  глютенсіз қамырдан жасалған еді.

Гүлдана Қазтай
Жексенбі, 22 Қаңтар, 2023 10:50
Талқылау