АҚШ-та әлемдегі алғашқы ВИЧ вакцинасы пайда болды
Фото: Freepik.com
АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы 20 жылға жуық уақыт дайындалған жаңа препаратты мақұлдады. Ол – АИТВ-ның алдын алуға арналған әлемдегі алғашқы дәрі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Вакцинаны жылына екі рет қана енгізу қажет.
Биофармацевтикалық компанияның айтуынша, препарат адам иммун тапшылығы вирусын дене жасушаларына енгенге дейін ерте кезеңде блоктайды. Инъекция жарты жылда бір рет тері астына енгізіледі және АИТВ инфекциясынан сенімді қорғаныс береді.
Сүт безі ұлғайып кеткен: Ғалымдар Pfizer вакцинасының кері әсерін анықтады
Астана әкімдігі гейлер арасында ВИЧ-тің таралмауына 15 миллион теңге бөлді
"Бұл – АИТВ-ға қарсы көпжылдық күрестегі тарихи күн. Қазіргі заманның ең маңызды ғылыми жетістігі АИТВ індетін тоқтатуға көмектесетін нақты мүмкіндік береді", – деді компанияның бас директоры.
1 PURPOSE және PURPOSE 2 сынақтарын қабылдаған қатысушылардың 99,9%-да АИТВ теріс болған екен.
Бұған дейін Қазақстанда ер балаларға папиллома вирусына қарсы вакцинация жүргізу жоспарланып отырғаны туралы жазған едік.

"Мүгедектер мен аурулар саны артып келеді": Бір аптадан бері түтінге тұншығып отырған атыраулықтар дабыл қақты
