АҚШ-та акулалар қақаған аяз салдарынан қатып өліп жатыр
АҚШ-та Атлант мұхитының жағалауынан суықтан қатып өлген екі акуланың денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы Атлант мұхитындағы ақ акулаларды қорғау тобы Facebook желісінде жариялады.
АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Кейп-Код шығанағының жағалауында кездейсоқ өтіп бара жатқан ер адам суықтан қатып өлген акулаларды көрген. Олар аталық акулалар болып шықты. Әрқайсысының ұзындығы шамамен 4 метрді құрайды.
Ұйым қызметкерлері зерттеу жүргізу үшін, өлген акулалардың тіндерін алған. Олар қатты суықтан қатып өлген болуы мүмкін. Себебі соңғы аптада АҚШ-та 20 градус аяз болған.
Түлкі акулалар немесе теңіз түлкілері тропикалық және қоңыржай белдеулердегі суларда кездеседі. Әдетте олар ашық мұхитта 500 метр тереңдікте өмір сүреді және жағаға жақын аумаққа сирек шығады.
Оқи отырыңыз:
Ninety one тобы ендігі қазақтың ұлттық аспаптарымен өнер көрсететін болады
Долларлап ақша табатын әншілер Алматыда пәтер жағалап жүргендерін айтты
Әсел Сәдуақасова мемлекеттік марапат алғанын сынағандарға жауап берді
Төреғали өзін қорғаштаған Мақпал Жүнісоваға өлең арнады
70 жастағы павлодарлық қария халықтан Төреғалиді кешіруді сұрады (видео)