Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

50 жыл түрмеде отырған адам кінәсіз болып шыққан

АҚШ-та Оклахома судьясы кісі өлтіргені үшін 50 жылға жуық түрмеде отырған адамды ақтап, кінәсіз деп таныды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NBC News сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

71 жастағы Глинн Симмонс кінәсіз деп танылды. Прокурорлар оның ісі бойынша негізгі дәлелдер адвокаттарға берілмегенімен келісті.

"Нақты дәлелдер арқылы сот Симмонс қылмыс жасаған жоқ деп тапты", – деді Оклахома округінің судьясы Эми Палумбон.

Симмонс 48 жыл, бір ай және 18 күн түрмеде болған, ол – кінәсіз ең ұзақ отырған адам.

"Бұл – төзімділік пен табандылық сабағы. Ешкімнің “ақталуың мүмкін емес” деп айтуына жол бермеңіз, өйткені орындалуы мүмкін", – деді Симмонс.

1974 жылы Эдмонд шарап дүкенінде қылмыс орын алған кезде ол Луизианада болған.

Дон Робертс есімді азамат екеуі 1975 жылы кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, өлім жазасына кесілді. Олардың үкімдері 1977 жылы өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауысты. Робертс 2008 жылы шартты түрде босатылды.

Талқылау