АҚШ-та 30 жыл сақталған эмбрионнан "ең үлкен" нәресте дүниеге келді
Фото: Линдси Пирстің жеке архиві
АҚШ-та 30 жарым жыл сақталған эмбрионнан бала дүниеге келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі MIT Technology Review сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
26 шілдеде 30 жарым жылдан соң туған баланы енді "ең үлкен бала" деп атайды.
1994 жылы Арчерд есімді әйел ЭКҰ жасатқан. Сол кезде төрт эмбрион жасалды, оның біреуі әйелдің өз жатырына ауыстырылды, нәтижесінде қыз дүниеге келді. Қазір ол 30 жаста. Оның 10 жасар баласы бар екен.
Қалған үш эмбрион сол кезде тағы бір бала болады деген үмітпен криоконсервацияланған. Арчерд үш эмбрионды сақтап тұру үшін жылына мың доллардай төлеп отырған. Кейін оның менопаузасы келіп, жағдай өзгерген. Оларды лақтырып тастауға қимағандықтан, эмбрионды асырап алу бойынша басқаға берген.
Линдси мен Тим Пирс 35 және 34 жастағы ерлі-зайыпты жеті жыл балалы бола алмаған екен. Кейін олар бағдарлама бойынша осы эмбрионды алып, сәбиді қолдарына алды.

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
