Қауіпті қылмыскерлерді ұстап берген үй-жайы жоқ қайыршыға 100 мың доллар беріледі
Калифорния штатының Ориндж округінің билік өкілдері қашып жүрген екі қылмыскерді ұстауға көмектесіп, олар жайлы ақпарат айтқан Сан-Францискодағы үйсіз-күйсіз жанға 100 мың доллар сыйақы бермек.
Сурет: 24smi.org
Мэтью Хэй-Чапмен телеарналарда көрсеткен ақ көлікті көріп қалып, полицейлерге хабарлаған.
Үш қылмыскер Санта-Ана қаласының Ориндж округіндегі түрмеден 22 қаңтар күні қашып кеткен. Олардың бірі полицейлерге өзі берілген.
50 мың долларды қылмыскерлер айдап қашып кеткен көлік иесі мен супермаркеттің екі қызметкері бермек.
Талқылау