Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ соты: Храпуновтар айғақтарды қасақана жойған

АҚШ соты Алматының экс-әкімі Виктор Храпунов және оның ұлы Ілияс айғақтарды қасақана жойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Қазақстан Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"2020 жылдың 3 қыркүйегінде Нью-Йорктің Оңтүстік округіндегі АҚШ аудандық соты Ілияс пен Виктор Храпуновқа қарсы сот ісін жүргізу тәртібін бұзғаны үшін айыппұл салу туралы тағы бір қаулы шығарды. Судья Кэтрин Паркер Храпуновтар көптеген заңды міндеттемені бұзды, дәлелдемені әдейі жойды және кейбір құжаттарға қол жеткізе алмайтындығы туралы жалған айғақтар берді деген қорытындыға келді", - делінген дүйсенбіде таратылған хабарламада.

АҚШ соты Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов пен оның ұлы Ілияс дәлелдемелерді әдейі жойды деп санайды.

Белгілі болғандай, америкалық сот «Храпуновтар отбасының іс бойынша кейбір сот бұйрықтарын бұзғанын, оның ішінде Ілияс Храпуновтың құпия айғақтардың рұқсатсыз таратылуына тыйым салынғанын» анықтады.

"3 қыркүйектегі шешім - Храпуновтар мен Әблязовтарға биылғы жылдың мамырында және 2019 жылдың шілдесінде шығарылған тәртіпті бұзғаны және сот ісін жүргізу тәртібін бұзғаны үшін айыппұл салу туралы бірқатар сот шешімдерінің жалғасы. Бұл шешім бесінші рет жарияланып отыр. Айыппұлдың соңғы мөлшері сот шығындарының сомасын  талап қоюшы көрсеткеннен кейін белгіленеді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2018 жылдың 8 қазанда Алматының экс-әкімі Виктор Храпунов 17 жылға бас бостандығынан айырылды, ал оның жұбайы Лейла Храпунова 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім шартты түрде жарияланды. Содан кейін қазан айында Калифорния округтік соты Алматының Храпуновқа, оның туыстарына және болжамды сыбайластарына шағымын қабылдамады. Осылайша, 16 қазанда Қазақстан Храпуновтар ісі бойынша АҚШ сотының шешімімен келіспейтінін мәлімдеді.


Храпуновты байқамай басынан ұрып жібердім: Отандық журналист экс-әкімнің сұхбат алуға кедергі болғанын айтты 


Виктор Храпуновқа қатысты қылмыстық іс 2011 жылдың 22 қарашасында қозғалған. Оған жемқорлық және экономикалық қылмыс бойынша айып тағылды. 

Бұлтартпау шарасы ретінде сот оны қамауға алуға санкция берді. Сондай-ақ, оның ұлы Ілияс Храпуновқа халықаралық іздеу жарияланды. Қазақстандық тергеудің болжамы бойынша, ол ұйымдасқан қылмыстық топты құрды және басқарды, қылмыстық қоғамдастыққа қатысты, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған қаражатты немесе өзге де мүлікті заңдастырды деп күдіктелуде.

Қазіргі уақытта Виктор Храпунов отбасымен бірге Швейцарияда тұрады. 

2013 жылғы тамызда Қазақстанның қаржы полициясы Храпуновтарға қатысты қылмыстық істі тергеу барысында Швейцария Конфедерациясының құзыретті органдарына құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық тапсырма жіберілгенін хабарлады. Онда келтірілген құжаттар мен дәлелдерді Швейцарияның уәкілетті органдары талдаған, нәтиже бойынша Швейцария Конфедерациясының аумағында Храпуновқа қатысты қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де капиталды жылыстату фактісі бойынша қылмыстық қудалау басталды.

Еске салайық, 20 мамырда Нью-Йорктің оңтүстік округінің аудандық соты Ілияс пен Виктор Храпуновқа қатысты үкім шықанын, ол бойынша сот Храпуновтардың Алматы қаласы әкімдігі мен БТА банкінің шағымдарына тікелей қатысы бар мәліметтерді есте сақтамағандары туралы айтқандарын өтірік деп тапқан

STAN.KZ
Дүйсенбі, 07 Қыркүйек, 2020 09:43
Талқылау