Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ ресейлік хакерлердің дауыс беру жүйесін бұзып кіргенін дәлелдеп берді

Сайлаудың шырқын бұзуға тырысқаны ақиқат, бірақ ол қорытындыға еш әсер етпеген. Бүгін АҚШ сенаторларынан құрылған комиссия тексерулерінің алғашқы нәтижелерін жария етті, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Оған сәйкес, сайлау кезінде ресейлік хакерлердің дауыс беру жүйесін бұзып кірмек болғаны дәлелденген. Әрі бұл әрекет бірнеше күн бойы жалғасыпты. Бірақ, оның саяси дода қорытындысына түйірдей әсері болмады деген қорытындыға келіпті сенаторлар. Бұл – Трапмтың таққа отыруы заңсыз деп санайтындарға жауап.

Тіпті, сенаторлар Ресейдің тек Америка емес, өзге елдердегі саяси додаларға да араласпақ болғанын анықтаған екен. Солтүстіктегі көршілеріміз Франция, Голландия мен Германиядағы дауыс беруге араласып, өз мүддесіне шешім шығуына әрекет еткен көрінеді.


Жіберіп алмаңыз:

Үш баланың анасы өз өлімін видеоға түсірді (видео)

Алматы тұрғыны көлігін соғып кетіп телефон нөмірін қалдырған бейтаныс әйелге ризашылығын айтты

Жасөспірім достарының көңілін көтеру үшін қаңғыбасты ұрып өлтірді (видео)

ШҚО-да телефонмен сөйлесіп келе жатқан 10 жасар қызды көлік қағып кетті

Талқылау