Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ Ресейдің Солтүстік Кореядан қару сатып ала бастағанын анықтады

АҚШ барлау қызметі Ресей Солтүстік Кореядан миллиондаған артиллериялық снарядтар мен қысқа қашықтықтағы зымырандарды сатып алғаны туралы ақпаратқа қол жеткізген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Вашингтон Мәскеу мен Пхеньян арасындағы ынтымақтастық ұзақ мерзімді болуы мүмкін деп санайды.

Ресейге қарсы санкциялар ресейлік қорғаныс өнеркәсібіне ауыр соққы болып, Мәскеудің өз армиясын жабдықтау мүмкіндігін айтарлықтай төмендетті, деп жазады NYT.

Жақында Владимир Путин өзінің басқа одақтасы Иранмен ұшқышсыз ұшақтарды жеткізу жөнінде жеке келіссөз жүргізген. Олардың алғашқы партиясы өткен аптада Мәскеуге келгені айтылды.

Иран мен Солтүстік Кореяның өздері Батыстың ауыр санкцияларына ұшырады және бұл елдердің көмегіне жүгінуі Ресейдегі жағдайдың қиын екенін көрсетеді, дейді Вашингтон.

"Бұл Ресей армиясының жеткізуде қиындықтарға тап болғанын көрсетеді.  Бұған ішінара экспорт пен импортқа шектеулер себеп болды", –  деді АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеунігі Associated Press агенттігіне.

"Кремль Солтүстік Кореядан сақ болуы керек", – деді соғысты зерттеу институтының Ресей саясаты бөлімінің жетекшісі Мейсон Кларк.

Талқылау