Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ президенті Тоқаевты құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шет мемлекеттер басшыларынан құттықтау жеделхаттары мен хаттар келіп түсті.

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп өз елінің атынан және өз атынан Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 28 жылдығымен құттықтады.

«Біздің күшті серіктестіктің арқасында соңғы 12 айда қол жеткізілген керемет прогресті атап өткенге қуаныштымын. Біздің ынтымақтастығымыз ядролық қаруды таратпау мәселелерін шешуден бастап, терроризмге қарсы күреске дейін әлемді қауіпсіз және тұрақты етеді», - делінген жеделхатта.

Дональд Трамп мемлекет басшысы тәуелсіздік күнін президент ретінде алғаш рет атап өтіп жатқанын атап өтті және оған жаңа жылда сәттілік тіледі.

«Америка Құрама Штаттары сіздермен және қазақ халқымен Қазақстан үшін жарқын және табысты болашақ құру жолындағы күш-жігеріңізбен жемісті жұмыс жасауға дайын», - деді Америка Құрама Штаттарының президенті құттықтауында.

Өзінің жеделхатында Үндістан президенті Рам Нат Ковинд біздің елдеріміздің бұрыннан келе жатқан тарихи байланыстарын еске алып, Қазақстанға гүлдену тіледі.

«Үндістан мен Қазақстан арасындағы қатынастар ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи және мәдени байланыстарға негізделген. Біздің елдеріміз арасындағы көпжақты және екіжақты қатынастар стратегиялық серіктестік деңгейіне жетті. Біздің ынтымақтастығымыз нығая түсетініне сенімдімін», - делінген хатта.

Испания королі Фелипе Испания халқы мен үкіметінің атынан Қазақстан президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтап, қазақстандықтарға бейбітшілік пен өркендеу тіледі.

Сингапур Республикасының президенті Халима Якоб Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Сингапур мен Қазақстан өте жылы және достық қарым-қатынаста. Екі ел арасындағы сауда-саттық өсіп, құқықтық және қаржы саласындағы ынтымақтастық кеңейіп жатқанына қуаныштымын. Мен сіздермен біздің елдеріміздің игілігі үшін жұмыс істеуге және қатынастарды одан әрі нығайтуға үміттенемін», - деп жазды Халима Якоб.

Австрия президенті Александр ван дер Беллен Тәуелсіздік күнімен құттықтап, амандық тіледі.

«Біз көптеген салаларда, соның ішінде экономикалық ынтымақтастықта өте жемісті дамып келе жатқан елдеріміздің өзара іс-қимылын сәтті жалғастыра алатынымызға сенімдімін», - делінген жеделхатта.

Австралия Одағының генерал-губернаторы Дэвид Херли өзінің құттықтауында мемлекеттер арасындағы достық екіжақты қатынастардың одан әрі дамуына сенім білдірді.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қыздардың жүрегін жаулаған Ерік Хамидуллаев сүйіктісімен видеоға түсіп қалды

Жұрт оны "Джейран" тобының экс-солисі Фариза Ескермеспен қосатын

32 жыл бойы пәктігін сақтаған футболшы "Әлем аруына" үйленді

Ол христиан дінін берік ұстанады

"Денесімен мыжып кетті": Алматыда сәбиін өлтірген британиялықтың ісіне қатысты жаңа деректер шықты

Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

"Өз күнін өзі көріп жүр": Тәуекел Мүслім келіншегін жер-көкке сыйғызбай мақтады

Актер келіншегінің өзіне еш салмақ түсіргісі келмейтінін айтты

"Адайлармен ойнапты": Лас-Вегаста қазақ қызы ұрыларды жөнге салды

Ұрылар арудың телефоны мен құжаттарын алып қашқан

Батыр Жүкембаев Канадада қарсыласын 2-раундта сұлатып салды (видео)

Бұл оның 18-ші жеңісі. Осы күнге дейін бір де бір рет жеңіліп көрмеген

Ақмола облысында 15 жастағы оқушы желіде танысқан 20 жастағы жігітке бола үйден қашты

Алайда жасөспірім жігітке жасын айтуды ұмытқан

Тоқаев Қытайда таралып жатқан коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Уханьда шыққан белгісіз пневмония туралы 31 желтоқсанда белгілі болды

"Ешкім ешкімге мұқтаж емес": Нұржан Керменбаев Қайрат Нұртаспен жазылмай қалған дуэт туралы

Әнші: Біреу маған дуэт жазайық десе жоқ демеймін

"16 минут бойы жанды": Үйін тәркілеуге қарсы болған тұрғын өзін өртеп жіберді

Тұрғынның денесінің шамамен елу пайызы күйіп қалған
Çàãðóçêà...