АҚШ президенті Джо Байден екінші мерзімге қайта сайлануға ниетті
Джо Байден 2024 жылы өтетін Президенттік сайлауда өзін қайта ұсынуға ниетті екенін мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ВВС сайтының жазуынша ол “еркіндік” сөзімен 3 минуттық бейнежазба жариялаған. Сол видеода келесі Президент сайлауында екінші кезеңге сайлауға түсіп, өз қызметін жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеген.
Сондай-ақ, Джо Байден видеода өзінің сайлауалды бағдарламасының өзекті тұстарын да түсіндіре кеткен. Яғни, түсік тастау құқығын, демократия мен сайлау құқығын және америкалықтардың әлеуметтік кепілдіктері мәселесін көтеретініне тоқталады.
“Америкалық азаматтардың әр буыны демократия үшін күресті. Жеке құқықтары мен дауысының маңызды екенін даулады, азаматтық құқықтарын қорғады. Дәл сол кезең бізге де келіп жетті”, - дейді АҚШ президенті.
Байден қазіргі уақытта 80 жаста. Сонымен қатар келер жылғы сайлау науқанына АҚШ-тың вице-президенті Камала Харристе өз кандитатығын ұсынып отыр. АҚШ-та келесі президенті сайлауы 2024 жылдың 5 қарашасына жоспарланған.