Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ президенті Байден неліктен арнайы желдеткіш аппаратта ұйықтайды: Дәрігер себебін түсіндірді

“Доктор рядом” медициналық компаниясының дәрігері Екатерина Серебренникова АҚШ президенті Джо Байденнің неліктен медициналық құрылғымен ұйықтайтынын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Маусым айының соңында желіде Байденнің бетінде түсініксіз іздер қалған суреттері тарап кетті. Кейінірек оның ұйқы кезінде арнайы желдеткіш апаратында ұйықтайтыны белгілі болды.

80 жастағы Байден ұйқы кезінде тыныс алуы тоқтап қалатын апноэмен ауырады. Серебренникованың айтуынша, бұл кезде өкпенің вентиляциясы мен тыныс алу толық тоқтауы мүмкін.

“Аурудан зардап шегетін адамдар жиі қатты қорлайды. Алғашында адамның өзі бұл синдромның бар екеніне түсінбеуі мүмкін. Мұндай науқастардың тыныс ала алмай жатқанын көбінесе туыстары байқап жатады”, – деді Екатерина Серебренникова.

Ауру жақ, ауыз-жұтқыншақ, тіл, бас және мойынның ерекше құрылымына байланысты өршуі мүмкін. Маман бірақ мұның семіздікпен ауыратын адамдарда жиі кездесетінін ескертті. Апноэ инсульттан кейін және қант диабетімен ауыратын науқастарда да пайда болуы мүмкін.

“Бұл синдромды емдеу керек, ол ұйқыға кедергі келтіреді. Ұйқыдағы апноэ гипертонияның, кенеттен өлімнің, аритмияның даму қаупімен байланысты”, – деп қосты маман.

Талқылау