АҚШ пен Германия азаматтары тарапынан қазақ қыздарының пәктігін сатып алуға сұраныс көптеп түсуде
10 мың долларға пәктігімді сатамын! Елімізде дәл осындай хабарландырулар күн санап өсуде. Тіпті, шетелдік азаматтар қазақ қыздарының пәктігін миллиондаған долларға сатып алуға ниет білдіруде.
Ал абройыннан айырылған қыз-келіншектер жасанды жолмен арын қайта жасатуға көшіпті. Дәрігерлер соңғы бес жылда мұндай отаға сұраныстың екі есеге артқанын айтады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Қыздың ары бизнеске айналып бара жатқандығына ғаламтор беттеріндегі хабарландырулар дәлел. Мәселен, жуырда ғана 19 жастағы қарағандылық ару «пәктігін» интернет аукционға салып, дүйім жұттың ашуын тудырды. Бұл жалғыз ғана мәлімдеме емес. Еліміздің түпкір-түкпірінде тұратын қаракөз арулардың пәктігін сатуға деген ниеті күн санап өсуде.
1)30-40 жас аралығындағы ер азаматты іздеймін. Егерде көңілімнен шықса, пәктігімді беруге дайынмын!
2)Пәктігімді 600000 мың теңгеге сатамын. Ұлтым қазақ. Отбасы құрмаған азаматтар ғана хабарлассын.
3)Жасым 18-де. Сұлумын. Пәктігім қымбат тұрады. Маған жекеге хабарласыңыз!
Ары таза қазақ қыздарына деген сұраныс сонау Германия мен АҚШ-тан жиі түседі, дейді мамандар. Шетелдіктер ол үшін бірнеше миллон доллар ақша шашуға дайын екен. Дегенмен, пәктікті сату былай тұрсын, оны қалыпқа келтірудің жолдары да пайда болған. Бүлінген “пердені” қайта тігу ғылым тілінде “гименоплатиска” деп аталады екен.
«Соңғы екі жылда қыздық пердені қайтып тіктіруге деген сұраныс екі есеге өсті. Қазір көп қыз-келіншектер тұрмысқа абыроймен шыққанды дұрыс санайды. Мәселен, менің алдыма 19-30 жас аралығындағы арулар келеді. Бәрінің арманы қайтадан қыздай болу. Тіпті, орта жасқа таяп қалған ерлі-зайыптылар бар. Олар “гименоплатиканы” төсек ойыны үшін қолданады» – дейді дәрігер ғалым Ғабдуллин.
Гименопластика екіге бөлінеді. Қысқа және ұзақ мерзімді. Бір айға шыдайтынын тіктіреді. Оны жасату 100 – 200 долларға дейін барады. Дегенмен, жекеменшік клинкалардың барлығы бірдей оның бағасы мен зияны жайлы ашық айтудан қашады. Тіпті, ұзақ мерзімге салынғанның өзі кемінде 3-4 күнге ғана шыдайды екен.
«14 күндей болады. Но, желательно например бүгін тіккізіп жатсаңыз, 3-4 күннен кейін жігітпен болу керек. Оны ешкім де білмейді».
Ал қыздың пәктігін қайта қалыпқа келтіруге қатысты халықтың пікірін біліп едік. Жігіттерден көбісі бұл сұраққа жауап беруден қашты. Тіпті, оны айтудың өзі ұят, дейді.
«Бірақ мен оған да қарсымын. Біріншіден денсаулыққыа зиян. Және де өз өміріне балта шапқанмен тең деп ойлаймын».
«Негізі шығып кеткен медициналық заттарға өз басым келіспеймін. Себебі адамның бойындағы тазалық ар тазалығын,тән тазалығын ондай бір техникалық заттар мен өлшем жасауға мүлдем келіспеймін».
«Әркімнің өзіне байланысты. Маңызды ғой деп ойлаймын».
«Яғни жігітке абыроймен бару қыздың міндеті деп ойлаймын. Алла жолын да, Алланың тапсырған міндеті ол абыроймен бару жігітке», – дейді тұрғындар.
Қоғам белсендісі Бақытбек Қосетов, бүгінгі қыздар әлде қайда бүлінген. Тіпті, ар-намыстан жұрдай. Үйінде тәрбие көрмеген бойжеткендерді, жазалау қажет деп есептейді.
“Неге себеп болып жатыр? Олар ақша жасап жатыр. енді қараңыз 5000 доллорға мысалға үшін, анау ұлға сатты пәктігін, барды да 300 доллорға тіктірді, қайтадан сол күні тағы сатады” – қоғам белсендісі Бақытбек Қосетов.
Ал психолог мамандардың пайымынша, пәктігін қалыпқа келтірген қыз-баланың бақытты болып кетуі екі талай. Мұндай қадамға барған арудың ар-ұяты іштей жеп қояды. Салдарынан, ол психикалық аруларға шалдығуы мүмкін, дейді. Дегенмен, өткен жылы 50 мыңға жуық нәзік жан гинеколог маманның көмегіне жүгініпті.
Тағы оқыңыз:
Шымкентте 21 жастағы орыс жігіті ислам дінін қабылдап, сүндетке отырды
Алматылық жігіт бір қазаққа жерін тегін беретінін айтты
ОҚО тұрғыны тырнаны атқан мергенді құстың киесі ұрғанын айтып берді
Мұхтар Шаханов Оразалинді «Қоразалин», Оразалин Шахановты «Шакалов» деп атады