АҚШ Қытайға 104%-дық баж салығын енгізді
АҚШ қытайлық тауарларға 104%-дық баж салығын енгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Fox Business басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: AFP
Басылымның мәліметінше, Қытай билігі АҚШ тауарларына салынатын 34%-дық тарифін алып тастамағандықтан, АҚШ Қытайға 104%-дық тарифтер енгізеді.
"Ақ үйдің баспасөз хатшысы мәлімдегендей, 104%-дық қосымша тарифтер шығыс уақыт бойынша түскі 12-де күшіне енді (Астана уақытымен 21:00), себебі Қытай жауаптық шараларын алып тастаған жоқ", — делінген ақпаратта.
Жаңа баж салығы басқа елдерге енгізілген жаңа тарифтермен бірге 9 сәуірден бастап алынады.
Еске салсақ, 3 сәуір күні АҚШ президенті Дональд Трамп 180-нен астам елге жаңа салық тарифтерін енгізетінін мәлімдеді. Тізімде 34%-дық тарифпен Қытай да бар. 4 сәуірде Қытай АҚШ-тың әрекеттеріне жауап ретінде барлық АҚШ өнімдеріне 34%-дық тариф енгізетінін жариялады. Жаңа тариф 10 сәуірден бастап күшіне енеді.
Ал 7 сәуір күні Трамп Қытай билігі жауап ретінде енгізілетін салық тарифтерінен бас тартпаса, қосымша 50%-дық баж салығын енгізетінін айтып сес көрсеткен еді.

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
