AAPL
148.99 $
0.29 %
TSLA
657.62 $
2.21 %
NDAQ
186.58 $
-0.63 %
GOOGL
2680.7 $
0.77 %
FB
372.46 $
0.72 %
FRHC
65.04 $
-0.09 %
AAPL
148.99 $
0.29 %
TSLA
657.62 $
2.21 %
NDAQ
186.58 $
-0.63 %
GOOGL
2680.7 $
0.77 %
FB
372.46 $
0.72 %
FRHC
65.04 $
-0.09 %

АҚШ қазақстандықтар үшін визасыз кіру режимін енгізу туралы шешімді талқыға салмақ

АҚШ-та қазақстандықтардың визасыз жүру мәселесі пандемиядан кейін талқыланады. Америкалық тарап біздің үкіметпен ынтымақтастыққа дайын. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, АҚШ қажетті құжаттардың қабылдануын асыға күтеді.

"Бұл мәселені талқылауға әлі ерте, өйткені біз әлі де пандемияның ықпалындамыз. Бірақ осыдан кейін бұл мәселені талқылауға болады. Біз ашық аспан келісімін жүзеге асыру үшін келіссөздерді бастағымыз келеді. Бұл бізде қазақстандық авиацияның қауіпсіздігі, визалық және көші-қон режимдері және американдық авиакомпаниялар туралы, олардың болашақта қалай жұмыс істеуі туралы келіссөздер жүргізілетіндігін білдіреді. Біз елдеріміз арасындағы адами және коммерциялық байланыстарды одан әрі нығайтқымыз келеді", – дейді ол.

Бұған дейін ҚР парламенті мәжілісі "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының үкіметі арасындағы Әуе байланысы туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын қабылдады. Қазақстан мен АҚШ арасындағы әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімге 2020 жылдың басында қол қойылды.

Сондай-ақ Уильям Мозер АҚШ елшілігі Қазақстанның коронавирусқа қарсы өз вакцинасын әзірлеуге деген ұмтылысын қолдайтынын айтты. Алайда "QazVac" немесе "Спутник V" егілген біздің азаматтарымыз штаттарға кедергісіз кіруі үшін бұл препараттарды ДДСҰ мақұлдауы қажет.

Елші АҚШ Қазақстанға ықпалын тигізетін Ресейге қарсы санкциялардың әсерлерін жеңілдету үшін жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

“Біз бұл санкцияларды Ресейдің жүріс-тұрысын өзгерту үшін жасап жатырмыз. Ресейдің мұндай әрекеті АҚШ үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін қауіпті. Біз бұл санкциялардың Қазақстанға әсерін азайту үшін талқылау жұмыстарын жүргіземіз”, – дейді елші. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр