АҚШ Иранның жаңа басшысы туралы ақпарат үшін 10 миллион доллар тағайындады

Фото: Morteza Nikoubazl/NurPhoto/picture alliance
АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Иранның жаңа көшбасшысы туралы ақпарат үшін 10 миллион долларға дейін сыйақы тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
X әлеуметтік желісінде жарияланған іздеуде жүрген адамдар тізімінде Иранның он жоғары лауазымды шенеунігі көрсетілген, бірақ олардың алтауының ғана аты-жөні аталған.
Олар: Моджтаба Хаменеи – Иранның жоғарғы көшбасшысы, Али Асгар Хеджази – оның әкімшілігінің басшысы, Али Лариджани – Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Яхья Рахим Сафави – жоғарғы көшбасшының аға әскери кеңесшісі, Исмаил Хатиб – барлау министрі, Эскандар Момени – ішкі істер министрі.
"Бұл адамдар Иранның Корпус стражей исламской революции құрамындағы түрлі бөлімшелерді басқарып, оларға жетекшілік етеді. Аталған құрылым әлемнің әр түкпірінде террористік әрекеттерді жоспарлап, ұйымдастырып және жүзеге асырады", – делінген Мемлекеттік департаменттің мәлімдемесінде.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?