Бостон марафонындағы жарылыс: АҚШ Джохар Царнаевты өлім жазасынан босатты
АҚШ апелляциялық соты 2013 жылы Бостон марафонында жарылыс ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған Джохар Царнаев өлім жазасына кеспейтін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.
2013 жылғы 15 сәуірде Бостон марафонының мәресінде болған жарылыстан үш адам құрбан болып, 264 адам жарақат алған еді. Жарылыстан кейін көп ұзамай Джохар Царнаевты және жарылыстан кейін полициямен атыс кезінде қайтыс болған оның үлкен ағасы Тамерланды күдікіт деп тапты.
2015 жылдың сәуірінде алқабилер көпшілік дауыспен Царнаевты федералды прокурорлар ұсынған барлық 30 айып бойынша кінәлі деп таныды. Оған тағылған 17 баптың ішінде өлім жазасы қарастырылған.
Мамыр айында сот бірауыздан Царнаевқа өлім жазасын үкім етіп еді. АҚШ-тың бірінші округінің апелляциялық соты Царнаевты айыптаудың барлық дерлік тармақтарын күшінде қалдырды. Алайда жаңа үкім шығару үшін оның ісін аудандық сотқа өткізіп, үш тармақ бойынша ақтап шықты.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”