AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ азаматтары құжатты рәсімдеу кезінде "Х" жынысын таңдай алады

АҚШ азаматтары 11 сәуірден бастап төлқұжатты рәсімдегенде "ер" немесе "әйелден" бөлек, "Х" жынысын таңдай алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды. 

Гендерлік "Х" белгісі бар төлқұжатты алған АҚШ-тың алғашқы азаматы Дана Ззиим болды. Ол АҚШ мемлекеттік департаментінен "дұрыс" құжатты алу мүмкіндігін алты жыл бойы талап етіп келген. 

Айта кетейік, бүгінгі таңда үшінші жыныс түрі бірқатар елдерде ресми түрде тіркелген. Олардың қатарында Аустралия, Үндістан, Мальта, Канада, Непал және Жаңа Зеландия елдері бар.

Ал Америка әкімшілігінің үшінші гендерді құжатқа қосу туралы идеясы 2021 жылдың жазында белгілі болды. Сол кезде АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен бұл қадам ЛГБТ қауымдастығының тең құқығын ұйымдастыру үшін қажет екенін айтқан еді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр