Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ әскері шығарылғаннан кейін тәліптер 48 ұшақ пен тікұшаққа ие болды

Радикалды "Талибан" қозғалысының өкілдер американдық әскерлер Ауғанстаннан шығарылғаннан кейін 48 жауынгерлік тікұшақ пен ұшаққа ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

Басылым маусым айының соңында Ауғанстан әскери-әуе күштерінде 167 техника (108 тікұшақ пен 59 ұшақ) болғанын айтады. Радикалды қозғалыстың Өзбекстандағы жақтастары Кабулды алғанға дейін 46 ұшақ жеткізілген, оның ішінде 24 тікұшақ бар. АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, Ауғанстаннан соңғы рейс алдында олар 73 ұшаққа зақым келтірген. Осы мәліметтерді ескере отырып, 48 ұшақ пен тікұшақ тәліптердің қолына өтті. Бірақ ұшақтардың қазіргі техникалық жағдайы нақты белгісіз.

Тәлібтердің қолында Албания, Исландия, Люксембург, Латвия, Литва және Эстония сияқты НАТО-ның 10 елінің әуе күштері техникасының санынан асатын ұшақ паркі болғанын. Сонымен қатар радикалды қозғалыстың содырлары сәрсенбіде тікұшақты Панджширде жауынгерлік мақсатта қолдануға тырысқаны белгілі болды. 

Мұндай қаруды пайдалану үшін дайындалған мамандар, ұшқыштар мен техникалық персонал қажет. Талибан үкіметі әуе күштерінен ұшқыштарды жинап жатыр. Әйтсе де, қаралатын ұшақтар мен тікұшақтардың көпшілігі 1980 жылдары жасалған және оларға үнемі техникалық қызмет көрсету мен жаңа бөлшектер қажет. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 02 Қыркүйек, 2021 13:14
Талқылау