“АҚШ аруы” атағын қара нәсілді әскери қызметші жеңіп алды (фото)
Колумбия округінің өкілі әрі армия офицері Дешона Барбер 65-ші рет өткізілген "АҚШ аруы" байқауының жеңімпазы атанды.
Сурет 163gorod.ru
Сайыс барысында 26 жастағы Барбер 51 қатысушыны артқа қалдырған. Америкалық ару Форт-Мидте орналасқан ұлттық қауіпсіздік агенттігінің штаб-пәтерінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша аға қызметкер болып қызмет етеді. Ол сондай-ақ, елдің сауда министрлігінде IT-сарапшы қызметін де қатар алып жүр. "АҚШ армиясында жынысына қарай бөліп-жармайды. Әйелдер өздерін еркектер секілді тең, қатаң ұстайды. Өз бөлімімнің командирі ретінде мен де өте талапшыл, жұмысыма берілген адаммын", - дейді Барбер.m.newsru.com
Қараша айында ол жыл сайынғы өткізілетін "Әлем аруы" байқауына қатысып, АҚШ атынан сынға түседі. Барбер Вирджиния университетін тәмамдаған. Ол сонымен қатар, бимен айналысып, бос уақытын отбасына арнағанды жөн көреді. Ал байқау барысында екінші орынды Джорджия штатының өкілі Эмани Дэвис иеленсе, үшінші орынды Гавай аралдарының тұрғыны Челсия Хардин алды. 2015 жылы "АҚШ аруы" атағын Оклахома тумасы Оливия Джордан иеленген еді. Бостон университетін бітірген Джорданның мамандығы дәрігер.No matter happens in 2.5 hours, I am thankful to have represented the District Of Columbia and Military Service Women around the world on the Miss USA stage ☺️ The stereotype for Women In The Military is OFFICIALLY BROKEN 🇺🇸 The stereotype for Pageant Women is OFFICIALLY BROKEN 👑 *Drops Mic* MakeUp By The Amazing @blushtones 💄 Фото опубликовано Deshauna Barber (@missdcusa)
Талқылау