Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы үкіметінің жарлығымен Асхат Раздықұлы Оралов ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

А.Оралов 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетінің түлегі.

Еңбек жолын 2011 жылы ЕҰУ-дің әлеуметтік-тәрбие комитеті жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы ретінде бастады. 

2019 жылдың сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары болды.

Асхат Раздықұлы Оралов президенттің жастар кадрлық резервіне енгізілген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр