Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дархан Қыдырәлі ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Омаров Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды. "Егемен Қазақстан" газетінің редакциясы “Басқарма төрағасы” Дархан Қыдыәлі тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалсын", – делінген президент бұйрығында. 

Ол осыған дейін "Егемен Қазақстан" газетінің басқарма төрағасы және Түркі академиясының президенті лауазымындарын атқарып келді.

Дархан Қуандықұлы 1974 жылы 16 сәуірде Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де (1991-1992 жж.) және Түркияның Мармара (1992-1996 жж.), Докуз Эйлүл (1996-1997 жж.), Эгей (1997-1998 ж.), Ыстамбұл (1998-2001 ж) университеттерінде білім алған. Эгей университетінде диссертация қорғаған (1998 ж.). Ыстамбұл университетінде докторлық диссертация қорғап, "философия докторы" ғылыми дәрежесін иеленген (2001 ж.). Абай атындағы ҚазҰПУ-да докторлық диссертация қорғап, тарих ғылымдарының докторы атанған (2010 ж). Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Қырғызстандағы Ош университетінің құрметті профессоры. Халықаралық Ш.Айтматов академиясының академигі. Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Құрметті докторы (2016 ж), Моңғолия Ұлттық ғылым академиясының Құрметті докторы (2017). Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Құрметті академигі (2022).

Еңбек жолы:

  • 2001-2005 жж. Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде аға ғылыми қызметкер, ғалым-хатшы, кафедра меңгерушісі, аппарат жетекшісі, жетекші ғылыми қызметкер.
  • 2005-2006 жж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде доцент, аға ғылыми қызметкер.
  • 2006-2007 жж. Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығында директордың орынбасары.
  • 2007-2008 жж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Министрдің кеңесшісі.
  • 2008-2009 жж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде сарапшы, сектор меңгерушісі ретінде қызмет атқарған.
  • 2009-2012 жж. Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары.
  • 2012-2014 жылдары Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
  • 2014 жылдан бастап Халықаралық түркі академиясының президенті.
  • 2015 жылғы 29 маусымнан Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялар одағы Хатшылығының басшысы қызметін қоса атқарады және аталған одақтың ұйымдастырушысы.
  • 2015 жылы ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде "Қорқыт мұрасы және Түркі әлемі" атты халықаралық мәдени шараны, 2016 жылы Нью-Йорк қаласындағы Біріккен Ұлттар ұйымының штаб-пәтерінде "2030 Жоспары үшін Жібек жолы бойындағы жаңа синергия" атты халықаралық симпозиумды, және 2018 жылы "Рухани жаңғыру және мәдени мұра: қадымнан келешекке түркі тілі" халықаралық мәдени шараларын ұйымдастырды.
  • 2016 жылдың шілдесінен "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы.
  • 2018 жылдың қыркүйегінде Халықаралық Түркі академиясының президенті лауазымына екінші мерізімге тағайындалды.
Талқылау