Ақпарат министрлігі "ұшақпен себіліп жатқан вирус" жайлы пікір білдірді

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әлеуметтік желіде таралған видео жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ұшақ

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде «Қазақстан аумағында болып жатыр» деген мәтінмен ұшақтан белгісіз қызыл зат шашыраған бейне көрініс таратылып жүр.

"Ақиқатында бұл ақпараттың жалған екені анықталды. Шынайы ақпарат көздерінен алынған мәлімет бойынша, бұл ұшақтың АҚШ-қа тиесілі екендігі, ал шашырап жатқан зат өрт сөндіру кезінде қолданатын сұйықтық екені мәлім болды. Жалған ақпаратты таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тарту көзделгенін тағы да бір рет ескертеміз", - делінген ресми хабарламада. 

Бұған қоса министрлік өкілдері тек қана ресми дереккөздерге сенуге шақыратынын жеткізді.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Stan.kz (@_stan.kz)

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр