Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Akon жолда қалады": Жұрт күнге күйген Бүркітті танымай қалды

Жұрт күнге күйген әнші Бүркітті танымай қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Akon жолда қалады: Жұрт күнге күйген Бүркітті танымай қалды

Жазғы дамлыста адам танымастай өзгеріп кеткен Бүркіт пен ұлы жұртты таңқалдырды. Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында демалыстың жақсы өткенін айтып, Малдив аралдарында ұлымен түскен суретін жүктеген. Теңіз жағасында ұлымен тұрған әншіні желідегілер танымай қалған. Олар жарыса пікір жазып, ойларын ортаға салды. 

"Кубалық екен деп ойлап қалдым", "Үлкен Бүркіт және кішкентай бүркіт", "Күнге күйіп кетіпсіз ғой. Akon жолда қалады", "Ойбай ана денең ашымай ма?", "Күшті болып кетіпсіз", "Горилла деп ойлап қалсам", "Таза Бүркіт болыпсың ғой, қап-қара", - дейді олар. 

Өнер иесін бірі жануарға, енді бірі басқа елдің адамдарына теңеп, адамның қатты күйуі мүмкін емес деп түсініксіз күй кешкен. Олар өнер иесін кімге ұқсатқандарын жарыса жазды. Арасында Бүркітке тілек айтып, балаларының амандығына ниеттес екенін жеткізгендер де болды. 

"Афроқазақтар", "Ең бастысы - өзіңіз, балапандарыңыз ауырмасын. Күннің де өз пайдасы бар", "Қара нәсілділер Қазақстанда тұрса, ағарып кететін шығар", "Арнольд Шварценеггердер аумай қалыпсыз", "Бүркіт емес, қарға болып қалыпсыз", - десті жұрт. 

Талқылау