Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмолада пойызға кешіккен келіншек машинист кабинасына тас лақтырып, терезесін сындырған

терезесіне тас лақтырғанФото: jazzophrenia.ru

Ақмола облысында 22 жастағы тұрғынға пойызға қасақана зақым келтірді деген айып тағылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға өңірдегі Елтай бекетінде "Көкшетау-Нұрлы жол" жолаушылар пойызын жөнелту кезінде болған.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, пойыздан қалып қойған тұрғын жүргізуші кабинасына тас лақтырып, көлікті тоқтатпақ болған. Соққының күшті болғаны сонша, локомотивтің алдыңғы әйнегі сынып кеткен.


Қарағанды облысында пойыз жеңіл көлікті соғып, үш адам қаза тапты


"Жолаушылар тасымалы" Қазақстанда пойыздардың неге 200 км/сағ жылдамдықпен жүрмейтінін түсіндірді


Көліктегі полиция басқармасы бастығының орынбасары Құрмет Мәжікеновтің айтуынша, мұндай әрекеттер жүргізушілерді жарақаттап, денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Осылайша сот келіншекті бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін кінәлі деп танып, 137 620 теңге әкімшілік айыппұл салды.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада іске қосылған LRT пойыздарының жол желісі адам өміріне қауіпті екені ескертілгені туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 01 Қазан, 2025 10:04
Талқылау