Ақмола облысының тұрғыны өзіне туыс жетім қызды зорлады деп күдіктелуде
Мәлімет бойынша, кәмілетке толмағандар құқын қорғаушы мобильді топқа жергілікті тұрғыннан арыз түскен.
Бұл туралы Бурабай ауданының прокуратурасы хабарлайды.
«Әйел 2000 жылы туылған ата-анасы жоқ қыздың туысқан әпкесі болып келеді. Оның айтуынша, өз қарауына алған туысқан ағасы қызбен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсуге әрекеттенген», – делінген хабарламада.
Аталған іс бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.
Талқылау