Ақмола облысында жоғалып кеткен оқушының күйіп қалған денесі табылды
Бастапқы берілген нұсқа бойынша, оқушы тоқ соғып қаза тапқан. Атбасарда теміржол жолдарында оқушының күйіп қалған денесі табылды.
Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik.
Атбасар АІІБ-іне төртінші қаңтар күні кешке 2001 жылы туылған баланың ата-анасы хабарласты. “Оқушы күндіз сырғанаққа кеткеннен үйге оралмаған. Полиция іздеуді бастағанда, теміржол жолдарында баланың күйіп қалған денесі табылды. Жасөспірімнің денесінде тоқ соғу белгілері бар”, — деп мәлімет берді полиция.
Бастапқы берілген деректер бойынша, оқушы вагондардың арасынан өтемін дегенде электр желісін жанап кеткенге ұқсайды. Нәтижесінде қатты тоқ соғып, сол жерде көз жұмған. Сараптама тағайындалды.
Жіберіп алмаңыз:
Шымкентте өзара ақылдаса тонайтын үш ұры әйел ұсталды
Қапшағайда бар ақшасынан айрылған азамат ойынхана қожайындарын полицияға ұстап беріп жатыр
Ыстанбұл тұрғындары көшеде өтіп бара жатқан азаматты лаңкес екен деп сабап тастады (видео)
Атырауда зейнеткерді тонаған ұры кейіннен оны балталап өлтіріп кеткен