Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында жоғалған әскеридің денесі табылды

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен әскеридің денесі табылды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

денесі

Полицейлердің дерегі бойынша маусымның 16 күні таңғы 9:20 шамасында Бурбай аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне 1956 жылғы Щучье қаласының тұрғыны хабарласып, ауласының сыртында «Қылшақты» өзенінде ер адамның мәйіті жатқанын айтқан. Оқиға орнына дереу жеткен жедел іздестіру тобы оны осыдан бірер күн бұрын іздеу жарияланған әскери қызметші 1992 жылғы Нұржан Сұлтанғазин екенін анықтады.

Еске сала кетсек, Нұржан Қайратұлы Сұлтанғазин 1992 жылдың 12 қаңтарында туған. Щучье қаласы, Магнитная 21/1 үйде тұрған. ҚР ҚМ «Кадет корпусы» – да келісімшарт бойынша әскери борышын өтеп жатып, 2016 жылдың 12 маусымында із-түзсіз жоғалып кеткен болатын

 

 

Талқылау