Ақмола облысында жүргізуші 2 жасар сәбиін қағып, өлтіріп қойды
Ақмола облысында 2 жасар сәби автокөлік астына түсіп, көз жұмды. Баланы абайсызда өз әкесі қағып кеткен.
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: CC0/Cheryl Holt
Оқыс оқиға 6 қыркүйек күні Есіл қаласында орын алған. 1985 жылы туған азамат жеке үйінің ауласынан Volkswagen автокөлігімен шығамын деп 2015 жылы туған ұлын қағып кетті.
Зардап шеккен бала жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Комаға түсіп қалған сәби аурухананың жан сақтау бөлімінде көз жұмды.
Қазіргі уақытта полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал сәбидің мүрдесі сараптамаға жіберілді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау

"Қызылшаға қарсы екпе құтқарар ма еді": Қазақстандық ана қызының екпе салдырып үлгермегендіктен комаға түскенін айтты
Айя 1 шілдеден бері жан сақтау бөлімінде жатыр

"Желке сүйегін алып тастады": Астанада тұрғын үй кешенінің ауласында кішкентай қыздың үстіне футбол қақпасы құлаған
Бұл алаңды “Елорда Құрылыс” компаниясы салған екен