Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда өзін әріптесі зорлады деп шағымданған әйелге қатысты тағы бір шу шықты

Ақмола облысының тұрғыны әріптесін өзін зорлады деп айыптауда. Алайда, тергеу ісі оның күйеуінің ізіне түсті, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

^648B60CA8FDEB67244509604B6810A703BF09080374A4E96C4^pimgpsh_fullsize_distr

Гүлнәр Даниель күйеумен

Ақмола облысы Есіл қаласының тұрғыны Гүлнәр Даниель әріптесі Батырбек Амангелдиновтың 22 қазан күні өзін зорлағанын айтады.

«Мен Амангелдиновпен білім бөлімінде қызмет етемін, ол заңгер, мен есепшімін. 21 қазан күні ол баспана алғанын айтып атап өтпек болды. Жұмыста кешкісін екуміз және оның әйелінің туған әпкесі болатын. Үшеуіміз кафеге барып көңіл көтердік. Қайтарда ол қайын әпкесін үйіне апарып тастады. Кейін мені апармақ болды. Ол 8 наурызда да мені үйіме жеткізіп тастағандықтан, одан қорықпадым. Бірақ бұл жолы ол мені айдалаға апарып зорлады. Кейін білім бөлімінің алдына тастап кетті. Мен күйеуіме хабарластым. Ол мен полицияға арыз жазуға алып кетті», – дейді Гүлнәр.

Егер 33 жастағы күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Алайда, жәбірленуші оған қатысты істің өзгеріп кететінінен қорқады. Өйткені, оның күйеуі Арман Даниель полицейлермен бірге Амангелдиновты ұстауға бірге барып, оның бетінен бір рет ұрып жіберген. Сол үшін Амангелдинов та дене жарақаттарын алдым деп полицияға арыз жазған.

Ал, Батырбек Амангелдинов өз нұсқасын басқаша айтып берді. Оның айтуынша, әріптесімен жыныстық қатынасқа өзара келісіммен барған.

15241258_1176332385777279_5795152959298159625_n

Фото: әлеуметтік желіден алынды

«Оның әйелі екеуміздің арамызда қатынас болды. Бірақ күйеуі әйелін зорлады деп шығарып алған. Желілерге мені зорлаған адам ретінде көрсетіп жазуда. Егер сотта мен ақталып шықсам, ол үшін өзіне қандай жаза боларын білмейді. Егер мен Гүлнәрді зорлаған болсам, оның денесінде, киімінде не менің денем мен көлігімде зардап шеккен іздер қалатын еді. Ондай із жоқ. Бәрін басқаша қылып өзгертіп алудың не керегі бар?», – дейді ол.

Ол тіпті Гүлнәр екеуінің қатынасы жайында оның анасының білетінін, қызын күйеуі қызғанып жүргені жайлы ескертулер жасағаны айтады.

Іс екі жақты болып отыр. Алайда, сараптаманың қандай нәтиже беретіні белгісіз. Сот шешімі де сараптамаға сүйенетін болады. Гүлнәр бұл істі соңына дейін жеткізетінін айтады.

Жіберіп алмаңыз:

Ұзынағашта ағайынды үшеуді өлтірген қылмыскерлерге сот үкімі шықты

Шешенстан президентінің балалары бапкеріне Porsche көлігін сыйлады (фото)

“Эйр Астанаға” әуе билеті бағасын төмендетуді ұсынды

Талқылау